Аталар Мирасы → ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ 100 ЕСІМІ

Түркі Академиясының Президенті ТҮРКПА Бас хатшысымен кездесті

Бүгін, 26 желтоқсанда, Астанада Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев пен Түркі Мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТҮРКПА) Бас хатшысы Рамил Хасанмен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Түркі Академиясының басшысы ТҮРКПА Бас хатшысын Академияның қызметі мен негізгі ғылыми бағыттарымен таныстырды. Академияға сапары аясында Рамил Хасанға Түркі Академиясының музей экспозициясы көрсетіліп, түркі елдері ғалымдарының қатысуымен дайындалған жаңа ғылыми басылымдар таныстырылды.

Шаһин Мұстафаев Рамил Хасанды ТҮРКПА Бас хатшысы қызметіне тағайындалуымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі. Сондай-ақ ол түркі әлеміндегі ғылыми институттар арасындағы парламентаралық ынтымақтастық маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде Рамил Хасан ТҮРКПА-ның қызметі, Ассамблея жұмысының басым бағыттары және түркі мемлекеттері парламенттері арасындағы өзара ықпалдастықты нығайтуға бағытталған негізгі бастамалар туралы ақпарат берді.

Тараптар Түркі Академиясы мен ТҮРКПА арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағыттары бойынша пікір алмасты.