Жоба атауы: Көне түркі (руникалық) жазбаларының каталогы
Жобаны жүзеге асырушы ұйым: Түркі Академиясы
Мерзімі: 2023–2025
Аңдатпа: «Көне түркі (руникалық) жазбаларының каталогы» жобасы Еуразия аумағынан табылған 700-ге жуық көне түркі жазба ескерткіштерін толық жүйелеп, ғылыми айналымға енгізуді мақсат етеді. Түркі Академиясының бастамасымен жүзеге асырылып отырған бұл жобаға жетекші рунологтар, түркітанушылар, археологтар мен тарихшылар қатысуда. Жоба аясында әрбір жазба туралы толық ақпарат қамтылған электронды дерекқор дайындалуда. Онда жазбаның атауы, табылған уақыты, географиялық орналасуы, қазіргі сақталу орны, жолдар саны, кескіндері мен көне түркі тіліндегі түпнұсқа мәтіні қамтылатын болады. Зерттеу нәтижесінде «Көне түркі (руникалық) жазбаларының каталогы» атты ғылыми монография әзірленіп, түркітану саласындағы ғалымдар мен зерттеушілер үшін маңызды анықтамалық еңбекке айналады.