жобалар

ТҮРКІ ӘЛЕМІ АРХЕОЛОГТАРЫНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ

Жоба атауы: Түркі әлемі археологтарының өмірбаяны

Орындаушы ұйым: Түркі Академиясы

Жүзеге асыру мерзімі: 2025–2026

Аннотация: «Түркі әлемі археологтарының өмірбаяны» жобасы түркі әлемін зерттеген жетекші археологтардың өмір жолын және ғылыми қызметін жүйелі түрде жинап, талдауға бағытталған. Жобаның негізгі мақсаты — археология ғылымына қосқан орасан үлесін, соның ішінде түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін ашуға бағытталған маңызды ашылымдар мен зерттеулерді айқындау. Жобада тарихи археологтармен қоса, қазіргі заманғы мамандардың да өмірбаяндарын қамтитын бұрын жарияланбаған ақпараттарды жинауға ерекше назар аударылады. Бұл өмірбаяндардың жариялануы түркі әлемінің тарихи мұрасын сақтау мен насихаттауға зор үлес қосып, болашақ ғылыми зерттеулерге құнды дереккөз болмақ.