Сондай-ақ, Ресейдің Ульяновск облысындағы күре жолда қақтығысқан екі жүк көлігінің арасында қалған микроавтобуста қаза болғандардың жақындарының қайғыларына ортақ екенімізді жеткіземіз. Опат болған жолаушылардың басым көпшілігінің қырғыз біртуғандар екені өкінішті. Сонымен қатар, Ақтөбе облысы Темір ауданында жол апатынан қаза тапқандардың жақындарына сабыр тілейміз. Еске сала кетсек, 21 тамыз 2022 жылы Түркияның Газиантеп және Мардин қалаларындағы жол апаттарынан 35 адам опат болып, 57 адам жараланған. Ал сол күні Ресейдің Ульяновск облысында болған апатта 16 жолаушы қаза тапқан, үш жолаушы ауыр жағдайда. Ақтөбе облысы Темір ауданында болған жол апатында жүргізуші мен үш жолаушы (оның ішінде біреуі бала) оқиға орнында, тағы бір жолаушы ауруханада көз жұмған. Сондай-ақ, бес адам (оның үшеуі бала) ауруханаға жеткізілген.
Аталар Мирасы → Биография
Халықаралық Түркі академиясы жол апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтады
22.08.2022