Түркі Академиясы 2024 жылғы 9-11 қыркүйек күндері Бакуде өткен Түркі әлемі ортақ әліпби комиссиясының үшінші отырысында қабылданған «Ортақ түркі әліпбиі декларациясын» жариялап отыр.
Декларация ағылшын тілінде дайындалып қабылданды. Ортақ түркі әліпбиі декларациясының ағылшын тіліндегі нұсқасы түсінікті болу үшін әзербайжан, қазақ, қырғыз, түрік және өзбек тілдеріндегі бейресми аудармаларымен қоса берілді.
Комиссия Түркі мемлекеттері ұйымы (TМҰ) Хатшылығының үйлестіруімен Түркі Академиясының жанында жұмыс істейді. Комиссия құрамы ТМҰ-ға мүше және бақылаушы елдердің сыртқы істер министрліктері арқылы ресми түрде белгіленген мүшелерден тұрады.
Комиссия өз шешімдерін тұрақты диалог пен кеңесу арқылы және Комиссия мүшелері арасындағы консенсус негізінде қабылдайды. Комиссия шешімдері кеңес сипатына ие және тиісті органдарға ұсыныс ретінде беріледі.