Бүгін, 23 сәуірде, Түркия Республикасында Ұлттық егемендік және балалар күні аталып өтуде.
Түркі Академиясы бауырлас түрік халқын Ұлы Ұлттық Мәжілістің құрылуы мен түрік мемлекеттілігі негіздерінің нығаюын бейнелейтін маңызды мерекемен шын жүректен құттықтайды.
Балаларға да арналған бұл күн – жас ұрпаққа сеніп тапсырылған жарқын болашаққа деген терең сенімді білдіреді.
Барша түркі халықтарының арасындағы бауырластық байланыстар одан әрі нығайып, елдеріміздегі бейбітшілік пен береке арта берсін деп тілейміз.