жобалар

Маңғыстау (Маңғышлақ) өңіріндегі оғыз-қыпшақ ескерткіштері

Жоба атауы: Маңғыстау (Маңғышлақ) өңіріндегі оғыз-қыпшақ ескерткіштері

Жобаны жүзеге асырушы ұйым: Түркі Академиясы

Мерзімі: 2023–2025

Аңдатпа: Қазақстандағы Маңғыстау (Маңғышлақ) өңірі түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеу тұрғысынан аса маңызды аумақтардың бірі болып табылады. Себебі бұл өңір ғасырлар бойы Шығыстан Батысқа — Орталық Азиядан Иран мен Кавказға өтетін маңызды бағыттардың бірі ретінде көптеген халықтарға қоныс болған. Соның нәтижесінде Маңғыстау жерінде оғыз және қыпшақ тайпаларынан қалған көптеген мәдени ескерткіштер сақталған. «Маңғыстау (Маңғышлақ) өңіріндегі оғыз-қыпшақ ескерткіштері» жобасының мақсаты — осы тарихи-мәдени нысандарды ғылыми тұрғыда зерттеп, далалық жұмыстар жүргізу арқылы ғылыми қауымдастыққа таныстыру және оларды сақтауға үлес қосу.