Кездесу барысында екі ұйым арасындағы тұрақты әріптестікті кеңейту жөнінде пікір алмасу болды. Тараптар түркология саласындағы өзара тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін талқылады. Осыған байланысты Академия басшысының м.а. университет ректорына осы бастамаға қатысуды және тығыз ынтымақтастықты арттыруды ұсынды. Өз тарапынан Ш.Сироджиддинов Академияның ұсынысына қызығушылық танытып, ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді. Кездесу соңында Ф.Мәжидли көрнекті түрколог, Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық және көрнекті жазушы Мұхтар Әуезовтың 125 жылдық мерейтойларына арналған конференцияға қолдау білдіріп, жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Ш.Сироджиддиновке алғысын айтты. Сонымен қатар Университет кітапханасына Түркі академиясы шығарған ғылыми еңбектерді табыс етті.
Аталар Мирасы → Түркі Әлемінің киелі ЖЕРЛЕРІ
Академия басшысының м.а. Әлішер Науаи атындағы ТашМӨӘУ ректорымен кездесті
07.11.2022