Atalar mirası → 100 persons of the Turkic world

Түркі академиясының ғылыми еңбектері — кітап фестивалінде

Бауырлас елдерден 100-ден астам баспа және ғылыми ұйымдар қатысқан фестиваль Халықаралық Түркі академиясының және ТҮРКСОЙ, ТҮРКПА, Түркі мәдениеті және мұрасы халықаралық қоры, Түркияның мәдениет және туризм министрлігі, Әзербайжан Милли Меджлисінің мәдениет комитеті, Әзербайжан жазушылар одағы, Түркі авторларының халықаралық одағы, Баку мемлекеттік университеті, Юнус Эмре институты қатарлы ұйымдардың қолдауымен өтіп жатыр. Алқалы басқосу аясында түркі әлеміне ортақ тұғырлы тұлғалардың мерейтойларына арналған ғылыми конференциялар ұйымдастырылып, жаңа кітаптардың таныстырылым рәсімдері жасалуда. Сонымен қатар кітапқұмар қауым белгілі авторлармен кездесіп, қолтаңба ала алады. Биыл алғаш рет ұйымдастырылған фестиваль келесі жылы Түркия Республикасында жалғасын табады. Айта кету керек, Халықаралық Түркі академиясы бүгінгі күнге дейін ағылшын, түрік, қазақ, орыс, әзербайжан, қырғыз, моңғол тілдерінде 200-ден астам ғылыми еңбек әзірлеп, жарыққа шығарған. Олардың арасында түркология саласы бойынша алғаш рет ғылыми айналымға ұсынылған еңбектер бар.