Atalar mirası → Biography

Алматыда Түркология құрылтайының 100 жылдығына арналған симпозиум өтіп жатыр

Алматыда Бакуде өткен Бірінші түркология құрылтайының 100 жылдығына арналған халықаралық симпозиум өтуде. 1926 жылы Әзербайжан астанасындағы тарихи жиында түбі бір мәдени мұраны сақтау, ортақ әліпби қалыптастыру және тіл мәселелері талқыланды. Тұңғыш құрылтайда түркі халықтары араб қарпінен латын жазуына көшу шешімне келді. Тура бір ғасыр өтсе де бұл тақырыптар әлі маңызын жойған жоқ. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Түркия елдерінің жетекші ғалымдары мен сарапшылары, сондай-ақ АҚШ пен Еуропа елдерінің түркітанушылары екі күн бойы Бірінші құрылтайдың тарихи маңызын және ХХІ ғасырдағы түркі әлемінің дамуын талқылады.

Silkway.tv