Тараптар Академия мен Түркі мемлекеттерінің ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиялары, оның ішінде Қырғызстан Ұлттық комиссиясы арасындағы ынтымақтастықты арттыру жолдарын талқылады. Кездесу барысында Ш.Мұстафаев Түркі Академиясының түркі әлемі ескерткіштерін ғылыми зерттеу жұмысына өз үлесін қосуға дайын екенін айта келе, ортақ жобалар мен түркі елдерінің мәдени нысандарын ЮНЕСКОның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу бойынша бірлескен жұмыстарды атқаруға шақырды. Өз кезегінде С.Солтонгелдиева Академия басшысына арнайы сапары үшін ризашылығын білдіріп, ұйымдар арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығына тоқталып, гуманитарлық ғылымдар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар, 15 желтоқсан - Халықаралық түркі тілі күнін ЮНЕСКО-ның мерейтойлық даталар тізіміне енгізу мәселесі талқыланды.
Аталар Мирасы → Биография
Академия президенті Қырғызстанның ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының атқарушы хатшысымен кездесті
21.06.2023