«Өз өмірін түркі әлемі мен түркі тіліне арнаған құрметті лингвист, белгілі түрколог, ардақты ұстаз, профессор доктор Тунджер Гүленсойдың дүниеден озуы қабырғамызды қайыстырды. Орны толмас қазаға орай өзімнің және Халықаралық Түркі академиясының ұжымы атынан марқұмның туыстары мен жақындарының, әріптестерінің қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын», − деді Академия басшысы. Айта кету керек, 1939 жылы 30 қаңтарда Ушак қаласында дүниеге келген. 1963 жылы Анкара университетінің түрік тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген. Филология ғылымдарының докторы, профессор Тунжер Гүленсой қазіргі түркологияның танымал тұлғаларының бірі. Ол түркі диалектілері мен фольклор зерттеулері бойынша бірнеше кітаптар мен монографиялардың, жүздеген ғылыми мақалалардың авторы. Ол түркі дүниесін зерттеу жөніндегі Халықаралық Ғылым академиясының құрметті профессоры, Түркия Тіл білімі институтының, түркі мәдениетін зерттеу институтының, Түркия Жазушылар Одағының Басқарма мүшесі, сонымен қатар түркология саласындағы көптеген сыйлықтардың иегері.
Atalar mirası → Biography
Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі түрколог Тунджер Гүленсойдың дүниеден озуына байланысты көңіл айтты
12.06.2022