Пандемия кезінде уақытша тоқтаған қазба жұмыстары биыл қайта жанданып, нәтижесінде Түрік қағандығы кезеңіне қатысты маңызды олжалар табылды. Архангай аймағында жаңадан табылған Номгон ғұрыптық кешені барлық сипаттамасы жағынан Білге қаған мен Күлтегін ескерткіштеріне ұқсас. Қарастырылып отырған кешенде адам, арыстан, қой мүсіндері мен ортасында ұңғысы бар альтар тас орнатылған. Кешеннің алдында шығысқа қарай 40-тан астам балбалдар тізбегі тізілген. Бес балбалдан Түрік қағандығының негізін қалаған ашина әулетінің “таутеке” таңбасы анықталды. Айта кету керек, Өтүкен жазығында орналасқан оннан астам салтанатты ғұрыптық кешендер Күлтегін мен Білге қағанның кешенінен 80 шақырым жерде орналасқан. Кешеннің айналасы Хангай тауының Көгне Тарны, үлкен Номгон, кіші Номгон жоталары бар. Халықаралық Түркі академиясының «Түркі әлемінің киелі жерлері» жобасы аясында жүргізіліп жатқан қазба жұмыстары жалғаса береді.
Atalar mirası → 100 persons of the Turkic world
Моңғолияда көне түркі дәуіріне қатысты жаңа олжалар табылды
10.08.2022