Алматы қаласында «I Баку түркология құрылтайының мұрасы және XXI ғасырдағы түрік әлемі» атты халықаралық симпозиум өтті. Іс-шара түрік халықтарының ғылыми және зияткерлік дамуына елеулі ықпал еткен тарихи Баку түркология құрылтайының 100 жылдығына арналды.
Халықаралық симпозиум Түркі Академиясының бастамасымен ТҮРКСОЙ, Түркі мәдениеті және мұрасы қоры, Түрік тілі қоғамы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Баку мемлекеттік университетінің бірлескен ұйымдастыруымен өтті.