Түркия Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен өткен шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, әскери мекемелердің қызметкерлері, дипломаттар, түрік ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысты. Алқалы жиын 15 шілдеде шейіт болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алумен және екі елдің мемлекеттік гимнінің орындалуымен басталды. Бұдан кейін, басқосуда Нұр-Сұлтандағы Юнус Эмре орталығының тәлімгерлері өлең оқып, TRT World арнасы дайындаған фильм көрсетілімімен жалғасты. Жиын соңы 15 шілде түні Анадолу агенттігі түсірген фотосуреттер көрмесін тамалашалаумен аяқталды. Шара Халықаралық Түркі академиясының тұрақты хатшысы Асхат Кесікбаев та қатысты.
Atalar mirası → Biography
Нұр-Сұлтан қаласында Түркияның Демократия және ұлттық бірлік күніне орай шара өтті
15.07.2022