І Түркі әлемі әдебиеті және кітап фестивалі аясында ұйымдастырылған басқосуда Түркі академиясы шығарған “Қарабақ: Әзербайжанның жауһары” атты альбом-кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Қазақ тілінде жарық көрген бірегей басылым Қарабақтың тарихы, мәдениеті және табиғаты туралы сыр шертеді. Халықаралық Түркі академиясының вице-президенті Физули Мажидли басқосудың маңыздылығын атап өтіп, альбом-кітап туралы мәлімет берді. Ол өз сөзінде 44 күндік соғыс кезінде әзірленген аталған басылым мол мәліметті қамтыған энциклопедия болып саналатынын және Қарабақ туралы алғашқы іргелі еңбек екенін айтты. Конференцияға Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы Фольклор институтының директоры, академик Мухтар Иманов, Әзербайжан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Рашад Меджид, қазақстандық белгілі ақын Гүлназ Файзолла, сонымен қатар ӘҰҒА Низами Гәнжауи атындағы Әдебиет институтының танымал ғалымдары, зиялы қауым өкілдері қатысып, Хуршудбану Натаванның өмірі мен шығармашылығы жөніндегі ойларымен бөлісті. Басқосу соңында қатысушылар Түркі академиясы басып шығарған ғылыми еңбектермен танысты.
Atalar mirası → Biography
Шушаның 270 жылдығы және Хуршудбану Натаванның 190 жылдығы аталып өтті
28.05.2022