Atalar mirası → Biography

Түркі әлемінің археологтары ортақ цифрлық база құруға келісті

АСТАНА. KAZINFORM – Мажарстанның Бугац қаласында Түркі әлемінің археология саласындағы ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының қауымдастығының (ARICA) үшінші отырысы өтті. Кездесуде археологиялық мұраны бірлесіп зерттеу, халықаралық ғылыми жобаларды іске асыру және түркі елдерінің археологиялық ескерткіштерінің бірыңғай цифрлық базасын құру мәселелері талқыланды.