Atalar mirası → Encyclopedia

Академия президенті Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрімен кездесті

2022 жылғы 26 шілдеде Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен кездесті.

Кездесуде тараптар таяуда Нұр-Сұлтан қаласында өткен Түркі академиясының Ғылыми кеңесінде қабылданған шешімдер жайын талқылады. Сонымен қатар ортақ география, ортақ әдебиет, ортақ тарих оқулықтарын жоғары оқу орындары үшін де арнайы жазу туралы пікір алмасты. Кездесу соңында Д. Қыдырәлі Ғылым және жоғары білім министрі, Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің іс басындағы төрағасы С. Нұрбекке Ғылыми кеңесті жоғары деңгейде өткізгені үшін алғыс айтып, жауапты жұмысына сәттілік тіледі.