Atalar mirası → Encyclopedia

Ыстанбұлда ортақ түрк оқулықтары бойынша жиын басталды

2022 жылғы 16 мамырда Ыстанбұл қаласында Халықаралық Түркі академиясы Түркі мемлекеттер ұйымы және Түркия Ұлттық Білім министрлігінің қолдауымен түркі елдерінің ортақ оқулықтар жөніндегі конференция басталды.

Алқалы жиынның ашылуына Түркі мемлекеттер ұйымының Бас хатшысы Бағдат Әміреев, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Түркия Ұлттық білім министрінің орынбасары Петек Ашкар, сондай-ақ мүше мемлекетттердің өкілдері, білім және ғылым саласының үздік мамандары мен сарапшылары қатысты. 16-18 мамыр аралығында өтетін басқосуда Академия тарапынан әзірленіп, түркі елдернің орта мектептерінде оқыталатын ортақ георграфия, ортақ әдебиет, ортақ тарих оқулықтарының таныстырылымы өтіп, соңғы нұсқалары сарапшылардың талқысынан өтіп, бірегей нұсқасы қабылданатын болады.