News → Events

Академия басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы Ақпарат және медиа жөніндегі министрлері мен лауазымды тұлғаларының 4-ші отырысына қатысты

2022 жылдың 13-15 мамыр аралығында Ыстамбұл қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы Ақпарат және медиа жөніндегі министрлері мен лауазымды тұлғаларының 4-ші отырысы өтті.

БАҚ және ақпарат саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мен дамыту мәселелері талқыланған бұл шараға Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Бағдад Әміреев, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Түркия Республикасы Президенті Аппаратының коммуникациялар басқармасының басшысы, профессор Фахреттин Алтун, Әзербайжан Республикасы Президентінің көмекшісі, Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің басшысы Хикмет Гаджиев, Өзбекстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің директоры Асаджон Ходжаев, Мажарстанның саяси қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік хатшысы Питер Сцарай, Қырғыз Республикасы Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің өкілі Салкым Сарногоева, Түрікменстанның Түркия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ишанкули Аманлиев және өзге де медиа саласының өкілдері қатысты. Халықаралық деңгейдегі шараның негізгі бөлімі түрлі тақырыптық панельдік сессиялар және пленарлық отырыстар ұйымдастырылды. Алқалы жиын барысында Академия басшысы Д. Қыдырәлі түркі әлемі медиакеңістігінің өзара ынтымақтастығы туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, келелі басқосу аясында Академия басшысы Д. Қыдырәлі Түркия Республикасы Президенті Аппаратының коммуникациялар басқармасының басшысы, профессор Фахреттин Алтунмен және Әзербайжан Республикасы Президентінің көмекшісі, Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің басшысы Хикмет Гаджиевпен арнайы кездесулер өткізді. Кездесуде татараптар бауырлас елдер арасындағы екі ел арасындағы ақпарат және БАҚ саласы бойынша өзара ынтымақтастық, қоғамдық дипломатия саласында бірлескен жұмыс жүргізу мен тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.