Осыған орай, Халықаралық Түркі академиясы бүгінгі түркі жазуы күнімен шын жүректен құттықтайды. Қазіргі таңда Халықаралық Түркі академиясында түркі жазуын зерттеп, аударумен айналысатын «Түркология, алтаистика және моңғолтану» бөлімі жұмыс істейді. Академия үнемі түркілердің жазу ескеркіштеріне қатысты тың зерттеулерге қолдау білдіріп келеді. Атап айтқанда, «Атлас древнетюркских письменных памятников Республики Алтай», Д. Васильевтің «Корпус тюркских рунических надписей Южной Сибири. Ч1. Древнетюркская эпиграфика Алтай», көрнекті түрколог Ғ. Айдаровтың «Язык памятников древнетюркской письменности VIII века» атты еңбектерін жарыққа шығарды. Сондай-ақ Академияның бастамасымен 2020 жылы ЮНЕСКО деңгейінде «Тоныкөк жылы» ресми жарияланып, Тоныкөк ескерткішінің 1300 жылдығына орай әлемнің 12 тіліндегі аудармалары енгізілген «Bilge Tonyquq» жинағы жарық көрді. Ал биыл Түркі академияясы Күлтегін ескерткішінің орнатылғанына 1290 жыл толуына орай, бітіктас мәтіндерінің 14 тілдегі ғылыми аудармалар жинағын таныстырды.
NEWS
18.05.2022