NEWS

Халықаралық Түркі Академиясының президенті Дархан Қыдырәлінің Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

Баршаңызды күллі мұсылман жұртшылығының қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Осы Ұлық мейрамда әр отбасыға зор денсаулық пен амандық, шаңырақтарыңызға құт-береке мен ырыс-несібе тілеймін. Айт мерекесінде шалған құрбандықтарыңыз, тілеген тілектеріңіз бен ізгі ниеттеріңіз қабыл болсын! Айттан айтқа айналамыз аман, бауырымыз бүтін, төрт көзіміз түгел жетейік!

Құрметпен, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі