News → Mass media

ІІ Халықаралық ономастикалық симпозиум басталды

Алқалы жиынның пленарлық отырысына Халықаралық Түрік академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Эгей университеті Түркі әлемін зерттеу институтының директоры Надим Маджит, Назарбаев Университетінің, сондай-ақ Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан және Польша, Ресей, Тәжікстан, Украина елдерінің ғалымдары мен студенттері қатысты. Симпозиумның ашылуында сөз сөйлеген Академия басшысы Дархан Қыдырәлі аталған шаранының дәстүрлі түрде жалғасын тауып жатқанына ризашылығын білдіріп, симпозиумның сәтті өтуіне тілектестік білдірді. Сонымен қатар, Д. Қыдырәлі Түркі академиясының түркі әлеміндегі жер-су атауларына қатысты атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндап берді. ІІ Халықаралық ономастикалық симпозиум аясында бауырлас түркі халықтарының тіл білімі мен ономастикасына қатысты бірнеше секциялық отырыс өткізеді. Секциялық отырыста қатысушылар ономастика саласының қатысты баяндамалар жасап, өзекті мәселелерді талқылайды. Жиын қорытындысы бойынша ортақ шешімдер қабылданады деп күтілуде. Симпозиум 22-сәуірге дейін жалғасады. Айта кету керек, І Халықаралық ономастикалық симпозиумы өткен жылы 22-24 cәуір аралығында өткен болатын.