Atalar mirası → Sacred places of the Turkic world

Академия басшысы Моңғолияның Қазақстандағы Елшісімен кездесті

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық аясында атқарылып жатқан жұмыстар жайын талқылады. Сонымен қатар, кездесуде Моңғолияда жоспарланған археологиялық қазба жұмыстары бойынша пікір алмасты.
Кездесу соңында Елші мырза Академия жұмыстарына ризашылығын білдіріп, алдағы уақытқа жоспарланған істерге сәттілік тілеп, Халықаралық моңғолтану конгресінің биыл Шыңғыс ханның 860 жылдығына орай ұйымдастырғалы отырған шарасына шақыру хатын табыс етті.