Atalar mirası → Sacred places of the Turkic world

Бір ғасыр бұрын көтерілген мәселе: Алматыда бас қосқан түркітанушы ғалымдар не туралы кеңесті

АЛМАТЫ. KAZINFORM– 1926 жылы Бакуде тарихтағы тұңғыш әрі бірегей Түркология құрылтайы өткен еді. Арада тура бір ғасыр өткенде Алматыда әлемнің көрнекті түркітанушы ғалымдары қайта бас қосып, сол кезеңде бастау алған ғылыми бағыттарды жаңғырту және түркітану ғылымының жаңа даму үрдістерін айқындауға арналған халықаралық конференция өткізді.