Кездесуде Академия басышысы Д. Қыдырәлі түркология саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін З. Коркмазды Түркі академиясы тарапынан тағайындалған «Вильгелм Томсен» медалімен марапаттады. Айта кету керек, Түркі академиясы биылғы атаулы мерейтойлар күнтізбесіне ғалым З. Коркмаздың 100 жылдығын атап өтуді қосқан еді. З. Коркмаз 5 шілде 1922 жылы Невшехир қаласында дүниеге келген. Ол 1944 жылы Анкара университеті Тіл, тарих және география факультетінің Түрік тілі мен әдебиеті бөлімін тәмәмдап, 1950 жылы сол бөлімде «Оңтүстік-Батыс Анадолы диалектілері: Фонетика» тақырыбында докторлық диссертациясын табысты қорғап шыққан. 1954 жылы Германиядағы Гамбург университетінің Institut für Kultur und Sprache der Vorderen-Orients институтында түрколог Аннемари фон Габайн және алтаист Омельжан Прицакпен бірге жұмыс істеді. 1955 жылы Түркияға оралып, саналы ғұмырын тіл білімі саласында қызмет етуге арнады. Білікті ғалым түркология саласы бойынша 16 кітап және 250-ден астам мақала жариялаған.
Atalar mirası → Sacred places of the Turkic world
Көрнекті түрколог Зейнеп Коркмаз Түркі академиясының арнайы медалімен марапатталды
30.04.2022