News → Events

Бүгін 28 мамыр – Әзербайжанның Тәуелсіздік күні

Бүгін 28 мамыр – Әзербайжанның Тәуелсіздік күні аталып өтуде.

Осыған орай, бауырлас елдің атаулы күнімен Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі құттықтап, ізгі тілегін білдірді. "Халықаралық Түрік академиясы және жеке өз атымнан бауырлас Әзербайжан жұртын 28 мамыр Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. 104 жыл бұрын алған тәуелсіздік бүкіл түрік-мұсылман әлеміндегі мемлекеттіліктің ұлт-азаттық ойы мен идеясының туына айналды, Әзербайжан халықының тарихында өшпес із қалдырды. Бүгін бүкіл түркі әлемі бауырлас Әзербайжанның Тәуелсіздік күнін үлкен қуанышпен атап өтуде. Үлкен ерлік көрсетіп, аумақтық тұтастықты қамтамасыз етіп, тәуелсіздік жолында сенімді қадам басқан Әзербайжан мемлекеті мен халқын шын жүректен құттықтаймын, бейбітшілік, даму және өркендеу тілеймін!"