NEWS

Академия басшысы Түркия Президенті Аппаратының коммуникациялар басқармасының басшысымен кездесті

2022 жылғы 16 мамырда Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Ыстамбұл қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымы Ақпарат және медиа жөніндегі министрлері мен лауазымды тұлғаларының 4-ші отырысы Түркия Республикасы Президенті Аппаратының коммуникациялар басқармасының басшысы, профессор Фахреттин Алтунмен кездесті.

Кездесуде тараптар бауырлас елдер арасындағы екі ел арасындағы ақпарат және БАҚ саласы бойынша өзара ынтымақтастық, ақпараттық қауіпсіздік және медиа саласындағы ынтымақтастық жайынды пікір алмасты. Кездесу соңында Академия басшысы Д. Қыдырәлі Ф. Алтунменға ұйымның басып шығарған бағалы басылымын тарту етті.