Projects

Қазақстанның Дипломатиялық қызметіне 30 жыл

Халықаралық Түркі академиясының басшылығы мен ұжымы Сіздерді Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметінің 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды. Осы уақыт аралығында Қазақстан сыртқы саясаттта іргелі халықаралық ұйымдардың барлығымен дерлік тығыз әріптестік байланыс орнатып, әлемдік деңгейдегі баянды бастамаларды жемісті жүзеге асыруда. Бүгінде Қазақстан дипломаттары түрлі халықаралық ұйымдар мен елшіліктерде де өз қызметтерін мүлтіксіз атқарып, абыройлы қызмет етіп жүр. Сіздерге зор денсаулық, жауапты қызметіңізге мол табыстар тілейміз. Айта кету керек, 1992 жылғы 2 шілдеде ҚР Президентінің Жарлығымен «Сыртқы істер министрлігі туралы» ереже бекітілді. 2007 жылдан бастап бұл күн Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметі күні ретінде атап өтіледі.