Алматыда түркі дүниесінің тарихы талқыға түсті. Туысқан елдің ғалымдары «Түркі мемлекеттері тарихы» атты іргелі еңбек жазуды жоспарлап отыр. Бұл бауырлас халықтардың бағзыдан аңсаған арманы. Алдағы 2 томдық басылым түркі жұртының мәдениеті мен әдебиетін, ғылымы мен біліміне қатысты деректерді қамтиды. Бұл бағыттағы алғашқы кездесу биыл ақпанда Анкарада өткен. Енді соның жалғасы ретінде Алматыдағы екінші басқосуда әр елдің комиссия мүшелері ойларын ортаға салып, бағыттарын айқындап алуға бекініп отыр.Khabar.kz
Projects
Түркі мемлекеттерінің ортақ тарихы жазылады
10.09.2025